fbpx

Басшылық

Білім күші жүрек күшіне тең рухы жоғары, өрісі кең қазақтың зиялы тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау

Құрметті оқырмандар!

Өз бауыр еті баласы үшін ата ана ең жақсыны, ең тәттіні таңдайды. Білім беруге келгенде терең білімді, мейірімді мұғалім іздейді. Zerde тарихы да тұңғыш ұлымызға мектеп қарастырудан басталды. Таңдауымыз Алматыдағы мықты педагогикалық ұжымы бар жекеменшік мектептердің біріне түсті. Өкінішке орай, білім ордасы көп ұзамай жабылып қалды. Ұзақ уақыт бойы іздестірген мұғалімдерімізден қол үзуден шақ қалдық. Ақылдаса келе, мектеп құруға бел будық. Zerde — әке қамқорлығы мен ана мейірімінің жемісі. Zerde мектеп-гимназиясы бүгінгі таңда қаламыздың білім кеңістігінде өзін мойындата білді.

Қашықтан онлайн оқу үрдісі мектебіміздің ата-ана мен оқушы үшін қаншалықты құнды екенін аңғартты. Мәселен, нарықтағы көптеген ұсынысқа қарамастан, еліміздің өзге өңірлерінде, шетелде тұрып жатқан оқушыларымыз Zerde мектебінде білім алуын жалғастыруда.

Мектеп қабырғасында өз кәсібіне адал мамандар, мықты мұғалімдер қызмет етеді. Бұл бүгін табылмастай құнды ресурсқа айналған. Тәжірибесі терең аға буын ұстаздарымыз талабы зор жас мамандарға іргелі білім берудің сырын үйретіп, мектебімізде мықты педагогтардың жаңа легін даярлауға аталысады. Білім шаңырағымыз заман талабына сай ілгерлеп, даму үстінде. Zerde — SHON білім беру орталығының бір буыны. Орталығымыздың ғылыми-зерттеу зертханасында оқушыларымыз үшін оқу бағдарламасын жақсы игеруге көмек беретін озық әдістер мен әдістемелерді әзілеу жұмыстары жүзеге асып жатыр.

Қазақстандық және шетелдік жетекші ғылыми институттар және жоғары оқу орындармен бірлесе бәсекеге қабілетті мұғалімдерді даярлау бойынша жобалар да қолға алынған. Балаңызды білімді, намысты және қайсар мінезді, кеудесінде рухы бар бақытты тұлға етіп тәрбиелейтін ортаны табуыңызға тілектеспін! Ал егер таңдауыңыз біз болсақ …

Гаухар Нурова

Құрылтайшы, Даму жөніндегі директор

Ташкенбаева Назгул

Директор

Құрметті оқырмандар!

Ұстаздар мектептің құндылықтары мен миссиясын негізге ала отырып, сапалы білім берумен қатар, оқушылардың ерекше қабілетті дарындылықтарын жетілдіру арқылы жан –жақты дамыған, заманауи , бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды мақсат етеді.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез, деген қасиеттерімен озады»,- деген ұлы Абай. Озық ойлы, білімдар біздің оқушыларымыз дәстүрі мен тарихын құрметтейтін, ұлты мен ана тілін ұлықтайтын, болашағы мен өзіне сенетін, моральдық құндылығы жоғары қазақ зиялыларының қатарында болатынына сенімдіміз!

Біздің сайтымыздың беттерінен сіз мектеп өмірі, жеңістер мен қуаныштар, жетістіктер мен табыстар , біздің жұмыс күндеріміз бен мерекелеріміз туралы біле аласыз.

«ZERDE» мектеп – гимназиясына жетістіктер мен өркендеу тілейміз!

Основатель, директор по развитию

Касымова Алима Саятовна

Директордың оқу — ісі жөніндегі орынбасары

СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА?

Сұрақтар мен ұсыныстарыңыз қалса өтінім қалдыруыңызды сұраймыз!

Өтінімді толтырыңыз және біз сізге хабарласамыз

Жіберу түймесін басу арқылы сіз жеке деректердің құпиялылық саясатымен келісесіз

Scroll to Top

Құрметті ата-аналар​

2024-2025 оқу жылына

оқушыларды қабылдау жүргізілуде