fbpx

Zerde SHON жобасына ұласты

2007 жылы Нуровтар әулеті дағдарыс салдарынан жабылып қалған мектептің мықты педагогикалық ұжымын сақтап қалуға бел буып, Алматыдағы қазақ тілінде білім беретін алғашқы жеке-меншік білім ордаларының қатарындағы Zerde мектебінің қалыптасуына себепкер болды. Сол кезде бұл SHON атты ірі жобаның бастамасы болатынын ешкім елестете де алмаған. Орталық Президенті, Zerde мектебінің құрылтайшысы әрі даму жөніндегі директоры Гаухар Нурованың айтуынша, Shon орталығына байланысты жұмыстар бір жарым жыл бұрын басталғанымен, ресми түрде ол жақында ғана ашылды. Орталық қазақтың ұлттық бірегейлігін қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Біршамасы басталып та кеткен.

Қазіргі күні Zerde мектебін қалыптастырудағы тәжірибеге арқа сүйеп, SHON орталығы Zaman атты жаңа мектептің құрылысына кірісті. Іле Алатауы бөктерінде бой көтеретін ғимараттың жобасы қазақстандық танымал архитекторлармен жасалған.

Бүгінгі күні орталық мектептер үшін бірегей онлайн оқыту платформасын ұйымдастырып, оны қондыру жұмыстарын да қолға алып отыр. Бұл жоба халықаралық сарапшылардың қатысуымен орталықтың ғылыми лабораториясының жетекшілігімен жүзеге асырылуда. Оқу платформасындағы контент «Білім беруді ақпараттандыру» мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға атсалысқан Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Альмира Тәжіғұлованың 30 жылдық тәжірибесінің нәтижелеріне негізделген.

SHON жайында толыққанды ақпаратпен мына сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар.

БӨЛІСУ:

СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА?

Сұрақтар мен ұсныстарыңыз қалса өтінім қалдыруыңызды сұраймыз!

Өтінімді толтырыңыз және біз сізге хабарласамыз

Жіберу түймесін басу арқылы сіз жеке деректердің құпиялылық саясатымен келісесіз

Scroll to Top

Құрметті ата-аналар​

2024-2025 оқу жылына

оқушыларды қабылдау жүргізілуде