Зерде - школа в Алматы
Мектеп миссиясы
Мектептегі оқу жүйесі оқушылардың тұлғалық сапасын және қабілеттерін ашуға, оқуға ынтасын дамытуға, өзіндік ойы мен біліктілігін еркін көрсетуге, өзін қоршаған ортада жауапты сезінуіне, оларға құрметпен қарап, ынтымақта болуға бағытталады.
Мектеп туралы
«Zerde» білім беру орталығы Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің 2007 жылғы 26 шілдедегі АА-5 сериялы №0003416 лицензиясы негізінде әрекет ететін жеке меншік мектеп.
«Zerde» - бұл:
- Жоғары деңгейлі ұстаздары;
- Қызықты үйірмелері: хореография, вокал, домбыра, театр, фортепиано;
- Спорт секциялары: шахмат, таеквандо, футбол;
- Қауіпсіздік қызметі;
- Медициналық қызметі;
- Көлікпен қамтамасз ету;
- 4 мезгіл тамақтандыруы бар толық күн тәртібінде жұмыс жасайтын орталық.
Мектеп ҚР «Білім туралы» заңын, Білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, пәндер бойынша жалпы орта білім беру және авторлық бағдарламалармен жұмыс жасайды.
Мектептің ең басты мақсаты – қазіргі заманға лайық оқушыларды саналы өмірге дайындау, сыйлауға үйрету, әлемдік қоғамның тағдырына өзінің қатыстылығын сезінетіндей жан-жақты дамыған, рухани бай, шығармашылық белсенділігі жоғары, білімді, өз бетімен әрекет жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мектебімізде 25 ұстаз қызмет етсе, оның:
14-і – жоғары санатты, 6-уы 1 санатты.
ҚР Білім беру ісінің үздігі – 6,
Ы. Алтынсарин атындағы белгінің иегері – 1,
Ғылым кандидаты – 1.