fbpx

Мектеп жайлы

Мектеп дүниетанымы кең, алуан түрлі дағдыларға ие, ғаламдық деңгейде ойлана алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті жоғары сапалы білім мен ұлттық мәдениетті және қолайлы ортаны біріктіруге ұмтылады

Миссия

Өз мәдениетін мақтан тұтатын және басқа мәдениеттерді құрметтейтін, өмір бойы оқуға дайын, адамгершілік құндылықтары жоғары қазақтың зиялы тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау

Мақсат

  • сапалы білімге деген адалдықты академиялық шынайылықты қолдауға және жетілдіруге ұмтылу арқылы сақтау;
  • оқушылар мен қызметкерлер бақытты және өз ұмтылыстарына сенімді болатын қауіпсіз, қолайлы және реттелген ортаны қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік құзыреттілікті және халықаралық сана мен өзара түсіністік рухын қалыптастыруға бағытталған мультимәдени білім беру стратегиясын дамыту;
  • жауапкершілік, шығармашылық белсенділік, білуге деген ұмтылыс, сыни ойлау, өзгерістерге қабілеттілік және жетістіктерге деген жоғары мотивация;
  • ақпараттың ашықтығына ғана емес, сонымен қатар оның толықтығына, анықтығына, түсініктілігіне және мектептің барлық процестері мен қызметінің пайдалы болуына ұмтылу;

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Адалдық

Академиялық адалдық – бұл тек мектеп саясаты емес. Жоғары мақсаттарға ұмтылу білімнің жоғары сапасымен бірдей маңызды. Адалдық пен сәттілік өзара тығыз байланысты екеніне сенімдіміз. Ашықтық оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара сенімін анықтайды.

Ғалам азаматы

Әлем мен адамның ғаламдағы орнына тың әрі тұтас көзқарасы бар тұлғаны өсіруде мектеп оқушыларының бойында ғаламдық ойлау қасиетін қалыптастыру қажеттілігін түсінеміз.

Жауапкершілік

Біз үшін жеке және ұжымдық жауапкершілікті дамыту маңызды. Адамның бәсекеге қабілеттілігі жауапты шешім қабылдауға, ұжымда нәтижелі және тиімді жұмыс істеуге қабілеттілікті анықтайды.

Әділеттілік

Ұжым әділеттілік қағидаттарына сәйкес өмір сүреді және жұмыс істейді,  бұл бір-бірінің мүдделерін құрметтеуді білдіреді. Күн сайын, жылдан жылға адамгершілік имиджін құрастыра отырып, біз еркін, сыни тұрғыдан ойлайтын, өзіне сенімді оқушыларды қалыптастырамыз.

Мейірімділік

Балалардың шығармашылығының еркін дамуы үшін, олардың психологиялық жайлылығы бізге өзара көмек, толеранттылық, достық қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырамыз.

Мәдениеттілік

Мәдениеттілік – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі.  Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытуы —мәдениеттіліктің белгісі.
 

Әр оқушыға жеке көзқарас

Біздің мұғалімдердің шеберлік деңгейі баланың дамуын балабақшадан бастап, мектеп түлегінің кәсіби бағдарын анықтауға дейін қамтамасыз етеді. Әр бала үшін әдістерді мұқият таңдау нәтижесінде дамыған әлеуметтік мобильді жас азаматтар қалыптасады.

СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА?

Сұрақтар мен ұсыныстарыңыз қалса өтінім қалдыруыңызды сұраймыз!

Өтінімді толтырыңыз және біз сізге хабарласамыз

Жіберу түймесін басу арқылы сіз жеке деректердің құпиялылық саясатымен келісесіз

Scroll to Top

Уважаемые родители

Открыт набор

на 2023-2024 учебный год