Білім күші жүрек күшіне тең, рухы жоғары, өрісі кең
қазақтың зиялы тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау

Мектеп ұжымы

ZERDE мектебінің педагогикалық ұжымы


ҚҰРЫЛТАЙШЫ, ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР

ГАУХАР НУРОВА

Құрметті оқырман!

Өз бауыр еті баласы үшін ата ана ең жақсыны, ең тәттіні таңдайды. Білім беруге келгенде терең білімді, мейірімді мұғалім іздейді. Zerde тарихы да тұңғыш ұлымызға мектеп қарастырудан басталды. Таңдауымыз Алматыдағы мықты педагогикалық ұжымы бар жекеменшік мектептердің біріне түсті. Өкінішке орай, білім ордасы көп ұзамай жабылып қалды. Ұзақ уақыт бойы іздестірген мұғалімдерімізден қол үзуден шақ қалдық. Ақылдаса келе, мектеп құруға бел будық. Zerde - әке қамқорлығы мен ана мейірімінің жемісі. Zerde мектеп-гимназиясы бүгінгі таңда қаламыздың білім кеңістігінде өзін мойындата білді.Қашықтан онлайн оқу үрдісі мектебіміздің ата-ана мен оқушы үшін қаншалықты құнды екенін аңғартты. Мәселен, нарықтағы көптеген ұсынысқа қарамастан, еліміздің өзге өңірлерінде, шетелде тұрып жатқан оқушыларымыз Zerde мектебінде білім алуын жалғастыруда. Мектеп қабырғасында өз кәсібіне адал мамандар, мықты мұғалімдер қызмет етеді. Бұл бүгін табылмастай құнды ресурсқа айналған. Тәжірибесі терең аға буын ұстаздарымыз талабы зор жас мамандарға іргелі білім берудің сырын үйретіп, мектебімізде мықты педагогтардың жаңа легін даярлауға аталысады. Білім шаңырағымыз заман талабына сай ілгерлеп, даму үстінде. Zerde - SHON білім беру орталығының бір буыны. Орталығымыздың ғылыми-зерттеу зертханасында оқушыларымыз үшін оқу бағдарламасын жақсы игеруге көмек беретін озық әдістер мен әдістемелерді әзілеу жұмыстары жүзеге асып жатыр. Қазақстандық және шетелдік жетекші ғылыми институттар және жоғары оқу орындармен бірлесе бәсекеге қабілетті мұғалімдерді даярлау бойынша жобалар да қолға алынған. Балаңызды білімді, намысты және қайсар мінезді, кеудесінде рухы бар бақытты тұлға етіп тәрбиелейтін ортаны табуыңызға тілектеспін! Ал егер таңдауыңыз біз болсақ ...

ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!




Директор

Садуева Күлжан Нығметқызы

Мектептің миссиясын шын жүректен түсіне отырып, мұғалімдер нәтижеге бағытталған сапалы білім беруді ғана емес, сонымен қатар заманауи бәсекеге қабілетті зияткерлік тұлғаны қалыптастыру жолында ұйымдасқан және жүйелі жұмыс жүргізуді мақсат етеді.

"Дана көп нәрсені білетін адам емес, білімі пайдалы адам", - делінген халық мақалында. Ендеше, біздің мақсатымыз-өз мүмкіндіктеріне, өз болашағы мен өз елінің болашағына сенетін, жоғары моральдық рухы бар жас қазақ зиялыларын тәрбиелеу.

Біздің оқушыларымыз өз халқы мен ана тілін ұлықтайтын азаматар болады деп сенеміз.

Біздің сайтымыздың беттерінен сіз мектеп өмірі, жеңістер мен қуаныштар, жетістіктер мен табыстар , біздің жұмыс күндеріміз бен мерекелеріміз туралы біле аласыз.

«ZERDE» мектебіне сәттілік пен өркендеу тілейміз!

Ізгі тілекпен мектеп директоры
Садуева Күлжан Нығметқызы




Сатханбаева Ғазиза Ниязалиқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Мекебаева Ләззат Жұмғалбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Дүйсембекова Гүлнар Қабдолдақызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Сембаева Алла
Максотқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Толепова Мақшат Танатарқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Алиева Анар
Мартайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Рахимова Дина
Әбділдақызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Дабыржанова Тоғжан
Берікқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Улдарбекова Нағима Иманжанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Дүйсенбекова Гүлжамал Қырғызалиқызы

География пәні мұғалімі

Әбдірова Айгүл Едігеқызы

Дүниежүзі мәдениеті пәні мұғалімі

Әшірова Анипа
Жұматқызы

Ағылшын тілі мұғалімі

Сағындықова Нұркүл Қыдырбекқызы

Биология пәні мұғалімі

Утекаева Гүлмира Жақсылыққызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қурманғалиева Жұлдыз Талғатқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Сапарова Ақерке
Ержанқызы

Қазақ тілі мұғалімі

Тұрсынқали Әлия Ералықызы

Математика пәні мұғалімі

Әбдікаримова Индира Эркінқызы

Дене шынықтыру, баскетбол пәндері мұғалімі

Кузьмина Людмила Павловна

Дене шынықтыру
пәні мұғалімі

Жұмабаева Салтанат Сейтжанқызы

Домбыра, музыка пәндері мұғалімі

Амантаева Ғалия
Сартбайқызы

)Қазақ тілі мұғалімі

Попова Наталья
Александровна

Ағылшын тілі мұғалімі