Жаңалықтар

"Мамандықты таңдай білесіз бе?!"


Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін ашу мақсатында 8-9-10-11 сынып оқушыларына арналған "Мамандықты таңдай білесіз бе" тақырыбында educom Білім орталығының мамандарымен кездесу өтті.



Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы жалпы түсінік бере отырып,жалпы білім алу қазір негізгі мақсат емес, қоғамға, елге, аймағымызға тапшы мамандық таңдап, сапалы қызмет етуге жұмыстану керек екені айтылды Бүгінгі біздің мақсатымыз да - оқушылардың мамандық таңдағанда қойылатын негізгі талаптарға көңіл аудару болып табылады. Ол 1-жүрек қалауы, 2-қабілеті, 3-мінез-құлқы, 4-денсаулығы, 5-сұраныс. Міне, осыларға қарап отырып оқушылар мамандық таңдау керек.Білім ұясының шәкірттеріне болашақта мамандық таңдаудың қыр-сыры түсіндіріліп, кәсіби бағыттары жан-жақты айқындалды.