Алғашқы қоңырау

Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

ҚӨЗҚАРАС

Мектеп дүниетанымы кең, алуан түрлі дағдыларға ие, ғаламдық деңгейде ойлана алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті жоғары сапалы білім мен ұлттық мәдениетті және қолайлы ортаны біріктіруге ұмтылады.

МЕКТЕП МИССИЯСЫ

Өз мәдениетін мақтан тұтатын және басқа мәдениеттерді құрметтейтін, өмір бойы оқуға дайын, адамгершілік құндылықтары жоғары қазақтың зиялы тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау.

Ниеті/h5>

Мектеп философиясы

МЕКТЕП МАҚСАТЫ

  • сапалы білімге деген адалдықты академиялық шынайылықты қолдауға және жетілдіруге ұмтылу арқылы сақтау;
  • оқушылар мен қызметкерлер бақытты және өз ұмтылыстарына сенімді болатын қауіпсіз, қолайлы және реттелген ортаны қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік құзыреттілікті және халықаралық сана мен өзара түсіністік рухын қалыптастыруға бағытталған мультимәдени білім беру стратегиясын дамыту;
  • табысқа жету үшін жеке қасиеттерді тәрбиелеу: жауапкершілік, шығармашылық белсенділік, білуге деген ұмтылыс, сыни ойлау, өзгерістерге қабілеттілік және жетістіктерге деген жоғары мотивация;
  • ақпараттың ашықтығына ғана емес, сонымен қатар оның толықтығына, анықтығына, түсініктілігіне және мектептің барлық процестері мен қызметінің пайдалы болуына ұмтылу.
МЕКТЕП ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Академиялық адалдық. Бұл - мектеп саясаты ғана емес. Жоғары мақсаттарға ұмтылу жоғары сапалы біліммен бірдей маңызды. Біз адалдық пен сәттіліктің өзара тығыз байланысын мойындаймыз. Оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың өзара сенімі тек адалдық негізінде туындайтынын білеміз.

Әділеттілік. Ұжым әділеттілік қағидаттарына сай қызмет етеді. Бұл бірін-бірінің мүддесін құрметтеуді, сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Әр оқушыға жеке тәсіл қолдану. Біздің педагогтардың шеберлігі баланы балабақшадан өзінің өмірлік жолын таңдағанға дейін толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Әр баланың ерекшеліктеріне сай білім беру тәсілін жасақтау әлеуметтік тұрғыда мобильді жас тұлғаны қатыптастыруға мүмкіндік береді.

Мейірімділік. Балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін шектемей, олардың психологиялық жайлылылығын қамтамасыз ету мақсатында өзара көмек беру мен төзімділік және достық қағидаларын сіңірген атмосфераны құрамыз.

Жауапкершілік. Біз үшін жеке және ұжымдық жауапкершілікті дамыту аса маңызды. Адамның бәсекеге қабілеттілігі өз ісіне деген жауапкершілігінен, жемісті және нәтижелі жұмыс жасауынан аңғарылады.

Ғалам азаматы. Әлем мен адамның ғаламдағы орнына тың әрі тұтас көзқарасы бар тұлғаны өсіруде мектеп оқушыларының бойында ғаламдық ойлау қасиетін қалыптастыру қажеттілігін түсінеміз.

Кемелдікке ұмтылу. Білуге, жетілуге және кез келген істе озық болуға деген ұмтылыс - жетістікке жетудің бірден бір жолы. Өз кемшіліктерін тани алып, онымен күресу және үнемі дамуға деген шынайы ниет - ұйымның әр деңгейінің ажырамас бөлігі.